Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті
REKLAM ALANI
09.10.2023
A+
A-

 

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

2023 жылғы

Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

 

 

 

 

Ресей газын еліміздің аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына тасымалдау жобасын іске қосу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөз жүргізді.

 

 

 

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалардағы ықпалдастықты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев ғасырлар бойы достық пен тату көршілік қатынастарға негізделген Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

– Мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы көпжақты сипатта табысты дамып келеді. Елдеріміз арасындағы ықпалдастық, ең алдымен, түрлі саладағы стратегиялық және одақтастық қатынастарға негізделген. Бүгін біз ірі жобаны іске қосу рәсіміне қатыстық. Шын мәнінде, бұл цифр тұрғысынан айтарлықтай үлкен болмаса да, қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Әрине, мұның символдық мәні келешекте де зор болады, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Владимир Путин жоғары деңгейдегі екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударды.

 

 

 

– Сіздің Мәскеуге жасаған сапарыңыз – айтулы оқиға. Арнайы келгеніңіз, сондай-ақ бүгін таныстырылған жобаны бірге іске асырғанымыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Әрине, бұл бастамасы ғана деп ойлаймын. Әйтсе де, жалпы аймақтың энергетика саласындағы ынтымақтастығына бағытталған алғашқы әрі аса маңызды қадам. Бірлесе атқаратын жұмыс көп. Барлық бағыт бойынша қатынастарымыз жақсы дамуда. Бұл үшін Сізге алғыс айтқым келеді, – деді Ресей Президенті.

 

 

 

 

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін және Еуразия кеңістігіндегі көпжақты интеграциялық байланыстарды кеңейтуге қосқан жеке үлесін атап өтті.

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-resey-prezidenti-vladimir-putinmen-kezdesti-791550

 

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.

ar AR az AZ zh-CN ZH-CN en EN fr FR ka KA de DE hi HI kk KK ky KY ru RU tg TG tr TR uz UZ