Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты
REKLAM ALANI
21.04.2022
A+
A-

Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

2022 жылғы 21 сәуір
Президент Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысымен танысты. Бұдан кейін МКҚ-ның 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады.

Мемлекет басшысы бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын, күзет қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

– Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды, сондай-ақ шетелден келген мәртебелі меймандарды қорғау оңай жұмыс емес. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Бұл 30 жыл ішінде қалыптасқан игі дәстүр, сабақтастық екені сөзсіз. Бүгінде Күзет қызметінің әлеуеті орасан зор. Жауынгерлік техникалық және жедел әрекет ету мүмкіндіктері мол. Шын мәнінде, Мемлекеттік күзет қызметін нағыз патриоттардың ұжымы деуге болады. Ең жауапты сәтте Отан үшін аянбай, адал қызмет етіп келесіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі шиеленісті геосаяси жағдайда Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің аса маңызды екеніне тоқталды.

– Жеке құрамның білімі мен біліктілігін одан әрі дамытып, мемлекеттік күзеттің бүкіл жүйесін жетілдіру қажет. Мемлекеттік күзет қызметі – ерекше құрылым. Сондықтан оған қойылатын талап та әрқашан жоғары болмақ. Сіздер жүктелген міндетті шұғыл әрі тиімді атқарады деп сенемін. Мінсіз қызметтеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталып, Президенттің Алғысы жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концертті тамашалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-memlekettik-kuzet-kyzmetinin-30-zhyldygyna-arnalgan-is-sharaga-katysty-2135124

 

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.

ar AR az AZ zh-CN ZH-CN en EN fr FR ka KA de DE hi HI kk KK ky KY ru RU tg TG tr TR uz UZ